ка

Нұрлан Сабуров Ресей азаматтығын алуға ұмтылып жүр

20.05.2025 14:03
0
52
Нұрлан Сабуров Ресей азаматтығын алуға ұмтылып жүр
фото: Youtube/Что было дальше?
Әзілкеш көші-қон заңын бұзғаны үшін айыппұл төлеп, Ресейден шығуға міндеттелді

Әзілкеш Нұрлан Сабуров бірнеше жылдан бері Ресей азаматтығын алуға тырысып жүр, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia порталына сілтеп.

Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Сабуровтың Мәскеу маңында элиталы жылжымайтын мүлкі бар және табысы да жоғары. Мысалы, 7дней.ru басылымы комиктің 25 минуттық бір ғана стендап-өнер көрсетуінен кемінде 2 млн рубль (шамамен 12 млн теңге) табыс табатынын жазады.

Алайда 19 мамыр күні Сабуров Ресейде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталып, 5 500 рубль (шамамен 33 мың теңге) көлемінде айыппұл төледі. Заң бойынша ол елден шығуы тиіс, кейін көші-қон ережелеріне сәйкес қайта кіру мүмкіндігі қарастырылған.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий