ка

Тоқаев: Орта державалар шешім қабылдауға араласуы тиіс

30.05.2025 14:37
0
Тоқаев: Орта державалар шешім қабылдауға араласуы тиіс
фото: видеодан кадр
Президент ұйымды реформалау қажеттігін және Қазақстан секілді мемлекеттердің рөлін күшейту керек екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, кеңес жаһандық маңызы бар мәселелерді шешуге қауқарсыз болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қазіргі таңда күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Кеңеске билік те, ерік-жігер де жетіспейді. Ол басты халықаралық проблемаларды шешуде тиімділігін жоғалтып отыр», – деді Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы бұл жағдайда Қазақстан сияқты орта державаларға үлкен жауапкершілік жүктелуі тиіс екенін айтты.

«Сондықтан мен Қазақстан секілді орта державалар негізгі халықаралық мәселелерді шешу мен реттеуде маңызды рөл атқаруы қажет деп есептеймін. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды қолдайды. Бұл ұйым алғаш құрылғанда оның құрамында 51 мемлекет болды. Олар – БҰҰ-ның негізін қалаушылар. Қазір ұйым құрамында 193 мүше бар», – деді президент.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий