ка

Тоқаев: Әр бала бақытты балалық шаққа лайық

01.06.2025 11:11
0
Тоқаев: Әр бала бақытты балалық шаққа лайық
фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында балаларды қорғау күнімен құттықтап, мемлекет тарапынан балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқанын айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!» – деп жазды Президент әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий