Шерзатқа пышақты күшпен және толық тығып алған – Тахир Халимназаров

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында тараптардың сұрағына жауап берген тәуелсіз сот сарапшысы Тахир Халимназаров бұндай жарақатты адам қатты күшпен салады деген ойын айтты. Айта кетейік, Халимназаров мәйіттің дәл өзіне сараптама жасамаған. Ол мемлекеттік сарапшының құжатына талдау жасап шыққан, деп хабарлайды Kznews.kz.
«Жарақаттың тереңдігі 12 см. Яғни, жарақат қатты салынған», - деді Халимназаров.
Мемлекеттік айыптаушы 12 см жарақатты ұзындығы 9,6 см болатын пышақ сала ала ма деп сұрады.
«Иә, кей жағдайда күшпен пышақтағанда жараның ұзындығы пышақтың ұзындығынан ұзын болуы мүмкін», - деді сарапшы.
«Жарақаттың тереңдігі - 12 см»: сарапшы Шерзат Полаттың нақты неден өлгенін айтты
Айта кетейік, Халимназаровтың алдында жауап берген мемлекеттік сот сарапшысы Мұхит Оразбекұлы да Шерзаттың қабырғасындағы жарақат 12 см екенін айтқан.
«Сол жақ кеуде қуысына еніп, шаншылған, кесілген жарақат анықталды. Аталған жарақат артқы қолтық асты сызығының арасында, 5-6-шы қабырғалардығ ортасынан табылды. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін жарақаттаған. Сыртқы жарақаттың көлемі 2 см. Жара арнасы арттан алдына қарай, солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай орналасқан. Жарақаттың тереңдігі 12 см», - деді сот сарапшысы.