ка

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды

08.05.2025 15:32
0
94
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды
фото: Ақорда
Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараларға қатысып, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға қатысу үшін Мәскеуге сапарлады.

Бұл жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Жеңіс күні соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету мен бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау маңыздылығын еске салатын іс-шаралар өтеді.

Қазақстан Президенті Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесулер өткізеді, сондай-ақ халықаралық және екіжақты мәселелер бойынша пікір алмасады.

 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий