Пәкістан мен Үндістан жанжалы: Air Astana әуе компаниясы бірнеше рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
08.05.2025
12:12
0
73

Air Astana әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Алматы – Дели және Алматы – Мумбай бағытындағы рейстерін тоқтатты. Компания билеттердің ақшасын толық қайтарып, балама жолдарды қарастыруда.
Air Astana әуе компаниясы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар халықаралық бағыттар бойынша рейстердің уақытша орындалмайтынын хабарлады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша рейстер тоқтатылды:
-
Алматы – Дели – Алматы (KC 907/908)
-
Алматы – Мумбай – Алматы (KC 291/292) — 8 мамырдан бастап
Сонымен қатар, Air Astana қазақстандықтар мен өзге де жолаушыларды елге қайтару үшін балама бағыттар іздестіріліп жатқанын жеткізді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ