"Министрдің махаббаты": атышулы блогер Никонет даулы мәлімдеме жасады

Танымал трансгендер-блогер Никонет (niko_nett) әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында өзінің бұрынғы сүйіктісі министр болғанын меңзегені жайлы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, блогер аты-жөнін атамаған адамның оған жарты жыл бойы ерекше ықылас танытып, миллиондап ақша аударып, гүл мен сыйлық сыйлағанын жазған.
"Жоқ, ол үйленген адам болған жоқ. Мен принципиалды түрде үйленгендермен байланыспаймын. Жарты жыл бойы ол мен үшін барын салды: миллиондап ақша жіберді, гүлдер, сыйлықтар... Бәрі ертегі сияқты көрінді. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді", – деген жолдар жазбада кездеседі.
Сондай-ақ, Никонет билігі бар адамдардың кей жағдайда ішкі қараңғылығын жасыру үшін "маска" киетінін меңзеген.
"Мен енді көп адамның айтуға батылы бармайтын шындықты айтам: Адамда билік көп болса, ол соғұрлым қараңғылығын масканың артына жасырады", – деп жазған блогер.
Белгілі болғандай, бұл мәлімдеме біраз уақыттан кейін өшірілген. Соған қарамастан, скриншоттар мен ақпарат желіде тарап үлгерді.