ка

Мәскеуде Қазақстандағы Украинаның экс-елшісіне сырттай үкім шықты

12.05.2025 17:23
0
123
Мәскеуде Қазақстандағы Украинаның экс-елшісіне сырттай үкім шықты
фото: ulysmedia
Сот Пётр Врублёвскийді алты жылға бас бостандығынан айырды

Мәскеудің Басман соты Қазақстандағы Украинаның бұрынғы елшісі Пётр Врублёвскийге сырттай үкім шығарды, деп хабарлайды kznews.kz сайты РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Адвокат Дмитрий Кирсановтың айтуынша, сот шешімі бойынша Врублёвский жалпы режимдегі колонияға алты жылға сотталған.

2022 жылдың тамызында Врублёвский бір сұхбатында орыс ұлтына қатысты атышулы мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оны шақырып, түсініктеме талап еткен. Елші өз сөзін эмоционалдық күймен түсіндіріп, кешірім сұраған еді.

Кейін 2022 жылдың қазанында Украина президенті Владимир Зеленский оны Қазақстандағы елші қызметінен босатты. 2024 жылдың жазында Мәскеу соты Врублёвскийді араздық қоздырды деп танып, сырттай алты жылға соттаған болатын. Алайда сол жылдың қарашасында бұл үкім жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий