ка

"Ерлі-зайыпты бірге жұмыс істеген": Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан қаза болғандар туралы ақпарат белгілі болды

31.05.2025 10:32
0
"Ерлі-зайыпты бірге жұмыс істеген": Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан қаза болғандар туралы ақпарат белгілі болды

Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандарға қатысты мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдедіAtyrauoil.news парақшасы.

Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 16 адамға дейін өсті.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының Құлсары қаласында орналасқан жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны туралы жазған едік. 

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий