ка

Астанада әйеліне 10 жыл бойы зәбір көрсетіп келді деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

10.06.2025 12:36
0
Астанада әйеліне 10 жыл бойы зәбір көрсетіп келді деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

10 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қарала бастады. Оны бұрынғы әйелі "10 жылдан бері жәбір көрсетіп келді" деп айыптаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шенеуніктің бұрынғы жұбайы Карина Госман іс материалдарында отбасылық өмірінің интимді жағы қозғалатынын айтып, соттың жабық өтуін сұрады. Ол екі баласы бар екенін, балаларының психологиялық қысымға ұшырамағанын, олардың болашақта істің мән-жайын білгенін қаламайтынын алға тартты.

Ал Сәкен Мамаштың өзі соттың ашық өтуіне қарсылық білдірген жоқ. Алайда ол БАҚ-та фото, видеосын таратуға қарсылық білдірді.

Нәтижесінде судья Артур Абдыханов соттың дайындық бөлімін ашық өткізіп, ал негізгі сот отырысын жабық өткізу туралы қаулы шығарып, Карина Мамаштың арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. БАҚ өкілдеріне соттың дайындық бөліміне қатысуға ғана рұқсат етілді. Алайда үкімді оқитын күні журналистер сот отырысына қатыса алады.

Сондай-ақ Мамаш келесі соттан бастап қазақ тілінде жауап беруге өтініш білдірді, судья оның өтінішін қанағаттандырды. 

Сотта айыпталушы тараптың адвокаты Бейбітжан Сайлауұлы қинау эпизодтарының бірі Біріккен Араб Әмірліктерінде болғанын, сотталушы ол іс бойынша жазасын өтегенін алға тартып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Фото: Stan.kz

"Қылмыс БАӘ аумағында жасалған, 5 мамырдағы оқиға үшін Мамаш әкімшілік жазаға тартылған. (...) Бір әрекет үшін жазаны (жазаны – ред) үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке бөлу қарастырылмаған", - деді Сәкен Мамаштың адвокаты.

Ол сондай-ақ істе айтылған тағы бір эпизод БАӘ-де болғанын атап өтті.

"Менің қорғаушымның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 110-бабының (Қинау) белгілері жоқ. Мамашаға қатысты қылмыстық істі дәлелдемелердің болмауына байланысты қысқартуды сұраймын", - деді адвокат.

Прокурор қинау эпизодтарының бірі Астананың Есіл ауданында болғанын айтып, адвокаттың өтінішін қанағаттандыруға қарсылық білдірді.

"Ал БАӘ аумағында азаптауды қарастыруға болмайды деген сілтеме объективті емес. Қинау  – бір реттік қылмыс емес, 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқан қылмыс", – деді прокурор.

 

Еске салсақ, 2024 жылғы мамырда Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштан 10 жылдан бері физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін айтып видеоүндеу жариялаған. Ол кезде Мамаш Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі қызметін атқарып жүрген. Астана полициясы оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Кейін Сыртқы істер министрлігі Мамашты Қазақстанға шұғыл түрде шақыртып алды.

Сол жылы қазанда ерлі-зайыптылардың ажырасқаны белгілі болды. Кейін Карина Мамаш Госман тегіне өткен.

Биыл 4 сәуірде Сәкен Мамаш бұрынғы әйелін ұрып-соғу фактісі бойынша қамауға алынды.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий